13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СЕССИЯ: Шымкентте қала әкімінің әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы шешімі қолдау тапты

4 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
СЕССИЯ: Шымкентте қала әкімінің әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы шешімі қолдау тапты
Share on FacebookShare on Twitter

Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Күн тәртібіне Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемін 1 329 120 теңгеден (360 АЕК) 2 000 000 теңгеге (542 АЕК) дейін арттыру мәселесі шығарылды. Тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге (12 АЕК) төленсе, биыл бұл сома 55 380 теңгеге (15 АЕК) ұлғайтылды. Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады. Сонымен қатар, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына тиесілі біржолғы әлеуметтік төлем өседі. Биыл олар 239 980 теңге (65 АЕК) алады. Сондай-ақ 29 тамыз Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнге байланысты ядролық сынақтар салдарынан мүгедек болып қалған және ядролық сынақтарға тікелей қатысқан тұлғаларға 45 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұрын бұл төлемнің мөлшері 36 АЕК болатын. Сонымен қатар, биылдан бастап қозғалу қиындығы бар I топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерінің санаториялық-курорттық емделуіне 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл қаражат жеке көмекшінің санаториялық-курорттық ұйымда болу құнын өтеу үшін жылына бір рет төленеді. Ал пробация қызметінің есебінде тұрғандарға 36 920 теңге (10 АЕК) аударылады. Сондай-ақ 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау барысында жалға берілетін пәтерлер сатып алуға, кәсіпкерлік мақсатта берілген несиелерді субсидиялауға, мектептерге байланыс жүйесін тартып, жол салуға, 4 елдімекенді газдандыруға қаржы қарастыру ұсынылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халық тұрмысын жақсартуға бағытталып отырған маңызды шешімдерге қолдау білдірген мәслихат депутаттарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Previous Post

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ: Шымкентте қалалық комиссияның отырысы өтті

Next Post

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА АРЫСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАРИЯЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі