13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ: Шымкентте қалалық комиссияның отырысы өтті

4 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ: Шымкентте қалалық комиссияның отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және қауіпсіздігінің жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы озық тәжірибелермен таныстырылды.

Бүгін Шымкент қаласында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды. Комиссия отырысына арнайы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес қала әкімінің кеңесшісі М.Маханбетов қатысты. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастарын, оның ішінде кәсіподақ қызметін реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтыды. Кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісімді бекіту, Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және қауіпсіздігінің жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы озық тәжірибелермен таныстыру болды. Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов қаладағы жағдайды баяндап, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасындағы еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы: кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғаныс құралдарын таңдау, сақтандыру тарифтері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттерді дамыту, мемлекеттік бақылау-кәсіптік тәукелдерді басқару туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, қаладағы бірнеше компания өкілдері “Қауіпсіз еңбек жылы” аясында, тұжырымдама бойынша атқарылатын жұмыс жоспарлары мен тәжірибелерімен бөлісті.

Previous Post

Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшы жолдама алды

Next Post

СЕССИЯ: Шымкентте қала әкімінің әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы шешімі қолдау тапты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі