13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскерге қызығушылық мектептен басталады

3 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Әскерге қызығушылық мектептен басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және технологиялық оқыту» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-стратегиялық зертеулер орталығы» Орталық әскери ғылыми-зерттеу институтының бас сарапшысы, отставкадағы полковник Айдар Кикимов, Шымкент қаласы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Тимур Бидайбеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының консультанты подполковник Ринат Төлепбергенов, С.Рахимов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебінің 20 курсанты, білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мен «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері – жалпы 300-ге жуық адам қатысты.
Ғылыми конференция пленарлық сессия және секциялық отырыс болып екі бағытта өткізілді. Фойеде Халық Қаһарманы ардагер, тұңғыш армия генералы, ҚР бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы және ҰОС ардагері Рақымжан Кошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арнап дарынды оқушылардың қатысуымен сурет салу көрмесі мен әскери қару-жарақ пен әскери киім үлгілері ұйымдастырылды.
Пленарлық сессия мәжіліс залында басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қызметкерлері, қарулы күштердің ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағалары, білім беру ұйымдары мен күш құрылымдарының күш-жігерін оқыту, тәрбие процесінде және жастарды әскери қызметке дайындауда біріктіру, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу туралы баяндалды.
Конференция барысында оқушылар сарайының дарынды оқушыларының қатысуымен театрланған қойылым қойылып, патриоттық әндер шырқалды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ IT HUB АШУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

Next Post

БІЛІМ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ДА ӨЗЕКТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі