13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс»: Шымкентте мектеп түлектерімен кездесу өтті

2 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс»: Шымкентте мектеп түлектерімен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі.

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. «Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры — Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы — Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры — Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты. «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды. Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты. Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.«Өнегелі ұрпақ» апталы­ғы «Менің мектебім» атты жобаға жол сілтеді. Соның аясында жоғары сынып оқу­шылары мектеп ауласына ағаш көшет­терін отыр­ғызды, мектеп ауласын тазалап, гүл екті. Бұған қоса «Түлектер аллеясы» акциясы барлық білім беру мекемелері үшін жақсы дәстүрге айналып келеді.
Бұл тек қоғамдық пайда­лы жұмыс емес, оқушы­лар­дың өз мек­тебін, туған қаласын көгал­дандыруға қосқан үлесі деп қабылдаған жөн. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Өнегелі ұр­пақ» апталығында ардагер­лер мен қарттардың үй ауласын тазалап берді. Ұйым­дастырушылар таза­лық акциясының оқушы­лар­ды экологиялық мәде­ниет­ті қалыптастыруға, таби­ғат­қа ұқыпты қарауға, еңбек­қор­лыққа, қоршаған ортаны таза ұстауға баулитынын айтады.

Previous Post

"ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ" АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ӘРІ ӨНЕГЕ, ӘРІ ИГІ ІС

Next Post

"ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ": Шымкентте қарттарға көмек көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі