13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ӘРІ ӨНЕГЕ, ӘРІ ИГІ ІС

2 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ӘРІ ӨНЕГЕ, ӘРІ ИГІ ІС
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында апталыққа қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Достық ауласы» атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000 ға жуық адам қатысты. Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды. Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, «Бал Текстиль» ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты. — «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында бүгін барлығымыз бір кісідей жұмылып, өз аулаларымызды тазалауға шықтық. Бұл әрі тазалық, әрі өнеге, әрі игі іс. Сондықтан барша жұрт болып атсалысу баршамыздың міндетіміз деп есептеймін», — дейді Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х.Толаметов. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.«Өнегелі ұрпақ» апталы­ғы «Менің мектебім» атты жобаға жол сілтеді. Соның аясында жоғары сынып оқу­шылары мектеп ауласына ағаш көшет­терін отыр­ғызды, мектеп ауласын тазалап, гүл екті. Бұған қоса «Түлектер аллеясы» акциясы барлық білім беру мекемелері үшін жақсы дәстүрге айналып келеді.

Бұл тек қоғамдық пайда­лы жұмыс емес, оқушы­лар­дың өз мек­тебін, туған қаласын көгал­дандыруға қосқан үлесі деп қабылдаған жөн. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Өнегелі ұр­пақ» апталығында ардагер­лер мен қарттардың үй ауласын тазалап берді. Ұйым­дастырушылар таза­лық акциясының оқушы­лар­ды экологиялық мәде­ниет­ті қалыптастыруға, таби­ғат­қа ұқыпты қарауға, еңбек­қор­лыққа, қоршаған ортаны таза ұстауға баулитынын айтады.

Previous Post

Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі

Next Post

«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс»: Шымкентте мектеп түлектерімен кездесу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі