13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ “ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — БҮГІНГІ МІНДЕТ” ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

27 апреля, 2024
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ “ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — БҮГІНГІ МІНДЕТ” ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында кең өріс алуда. Бұл игілікті жұмыс Шымкентте де ауқымын кеңейте түсті. Бүгін таңетеңнен бастап қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар, ардагерлер мен оқушылар бұл игілікті шараға белсенділікпен атсалысуда.


Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары мен көріктендіру, абаттандыру шаралары, шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары қызу жүруде. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылса, 130 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Бұл жұмыстарға 9500-ден аса қала тұрғындары мен 112 техника жұмылдырылды.

Акция аясында белсенді тұрғындардың бастамасымен «Өткенге – құрмет, тіріге міндет» атты шарасына қаладағы 92 мешіттің діни қызметкерлері мен ерікті 3574 азамат қатыстып, 37 мұсылман зираттарының аумағын күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, қураған ағаштар кесілді.
Ал, «Жасыл аймақ» апталығы аясында ұйымдастырылған сенбілікке жас экологтардың қосқан үлесі де зор болды. Жасыл желек қатарын көбейтуге атсалысқан жас экологтарға қала тұрғындары да көмектесіп, ағаш көшеттерін отырғызу және ақтау жұмыстарын жүргізді.
Игілікті бұл іс шарадан мектеп оқушылары да қалыс қалған жоқ. Белсенділер мектеп аулаларын абаттандырып, гүлдер отырғызды.

Ал еліміздің көк байрағын әлемде желбіретіп жүрген спортшыларымыз қаладағы Әл-Фараби көшесіне 100 түп көшет егіп, тазалық шараларын жүргізді.

Қаланың көркі оның әрбір тұрғынының салауатты өмірінің кепілі екенін терең түсінетін шымкенттіктер республикалық экологиялық акцияның жоғары деңгейде өтуіне ықыласпен көңіл бөлуде.

Шымкент –шырайлы қала. Ал оның сәулеті мен көркін ажарландыра түсуге экологиялық акцияның тигізіп жатқан әсері тіпті зор. Қаланың әрбір көшесі мен аулалары тазалықтың талабына сай жарқырай түсуде.

Жалпы тазалық акциясының белсенділікпен өтуіне Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар барынша көңіл бөлумен қатар өздері де қызу жұмылуда.
Тазалық—денсаулық кепілі. Ал денсаулық – әр адамның өмірінің байлығы. Осы қағиданы тек науқандық шараға ғана айналдырмай, біздің күнделікті тіршілігіміздің тынысы мен міндеті санай білсек, «Таза Қазақстанның» бейнесі де әрқашан жарық та жарқын болатыны сөзсіз.

Previous Post

Көкжөтелдің алдын алу

Next Post

Шымкентте республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі