13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көкжөтелдің алдын алу

27 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Көкжөтелдің алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Көкжөтел- тыныс алу жолдарының шырышты қабақтарын зақымдайтын ауыр инфекциялық ауру. Көкжөтелдің қоздырғышы- бордетеллапертуссис, гемоглобинге қатысты уыттылықтың жоғары деңгейі бар грамды терістаяқшасы. Бронхтардың, өңештің және өкпе тінінің шырышты

қабыққа қанның көп құйылуы болады. Жөтел қатты ұстағанда баланың бетінде көгерулер мен қанның болуы мүмкін. Ауру жұққан адаммен тікелей байланысқанда ауа-ауыз қуысы арқылы берілуі мүмкін.

Қоздырғыш сыртқы орта жағдайына төзімсіз, тікелей күн сәулесіне сезімтал. Бұл қысқы және күзгі уақыттағы балалардың көкжөтелінің көбеюі маусымдылығын түсіндіреді. Пациент айналасындағы адамдар үшін ауру белгілері пайда болған сәттен бастап 30 күн бойы қауіпті.

Аурудың өзі шамамен 6 аптаға созылады және 3 кезеңге бөлінеді: продромальді (катаральді), пароксизмальді және аурудан жазылу кезеңі. Продромальді кезең әдетте 1-2 аптаны құрайды, мұрыннан су ағу, түшкіру, сирек қызудың қалыпты көтерілуі және жөтелге қарсы дәрілерден

азаймайтын жөтел байқалады. 3-аптада жөтел күшейеді, ұстама түріндегі нысанға айналады, әсіресе түнде және пароксизмальді кезеңге көшеді. 3- тен 4 -апта аралығында созылмалы шырышты қақырық бөлумен спастикалық жөтел байқалады. Жөтел ұстаған уақытта ауру адамның беті қызарады, тілі аузынан шығады, тіл астындағы жіпше зақымдалуы мүмкін, кейде көз коньюнктиваларына қанның құйылуы болады.

Емшектегі балалар да жөтел ұстамасы болмайтындығын есіңізде сақтаңыз. Оның орнына бірнеше жөтел екпіндерінен кейін қысқа уақыттық дем алысы тоқтауы мүмкін, бұл оның өміріне қауіпті.

Жазылғаннан соң қорғау барлық өмір кезеңінде сақталады. Көкжөтелге қарсы вакцинацияның әсері қайтадан ревакцинациямен қамтамасыз етіледі, бұл екпенің ұлттық күнтізбесінде де көзделген. Вакцинациядан кейін иммунитет толық қорғауды кепілдендірмейді. Бірақ та ауру осындай екпе салынған балаларда жеңіл және жылдам түрде болады. Көптеген асқынулар туындамайды.

Көкжөтелдің айрықша алдын алудың жалғыз сенімді құралы бұл вакцинация болып табылатынын тағы қайталап айтамыз.

Қазақстан Республикасында балаларды вакцинациялаудың ұлттық күнтізбесіне сәйкес көкжөтелге қарсы вакцинация үш рет 2,3 және 4 айда,18 ай мен 6 жаста ревакцинациямен жүргізіледі.

Н.Нышанов ТО СЭБД басшысы

Tags: 13kz13kz.kz13кзкөкжөтелТүркістан облысы
Previous Post

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ ҮЛЕС ҚОСУДА

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ “ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ - БҮГІНГІ МІНДЕТ” ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі