13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК БЕРІЛДІ

18 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ЖАСТАРҒА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК БЕРІЛДІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Дін басқармасының ұйымдастыруымен қала жастары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Noextremism, Noterrorism» акциясы өтті. Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент көпсалалы колледжінде болып, жастарға қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық шараларын жүргізуде.
Семинарда исламтанушы, РАТТ мүшесі Ермек Бекбосынов, дінтанушы, РАТТ мүшесі Мәди Бесбаев баяндама жасап, іс-шара барысында 500-ге жуық жас қатысты.
Кездесу барысында экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы идеологиялық көзқарасы қалыптаспаған жастар санаты екендігі айқындалды. Жастардың интернет желісінде белсенділігін пайдаланып, әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылықты насихаттаудың, радикалды идеялардың таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылатындығы, әлеуметтік желілер мен SMM жарнамалық құралдарын пайдалану арқылы халықаралық террористік ұйымдардың көшбасшылары өз аудиториясының негізгі қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес материалдар дайындайтындығы туралы ақпарат берілді. Жаңа технологиялардың даму ғасыры жастар арасында онлайн кеңістікте діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін құру қажеттілігін айқындады.
Дамыған немесе даму үстіндегі бейбіт бір елді, тоқырауға ұшырату үшін, түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі таратып, ынтымақ пен бірлікті ыдыратып, мемлекетті әлсірету діни экстремизмнің басты мақсатының бірі. Діни экстремистік идеологияны насихаттаушы «көзі ашық, көкірегі ояау адамды арбай алмайды» десек, қателесеміз. Олар қоғамда дүрбелең туғызатын тобыр ізейді. Оның ішінде басқалар сенуі үшін сауатты тұлғалар міндетті түрде болуы қажет. Сол белгілі тұлғалар арқылы қоғамның сеніміне кіріп, теріс идеологияларды таратуға оңай жол ашылады.

Соңғы уақытта қоғамда «дәстүрлі дін, діни экстремизм» деген сияқы термин сөздерді қолданып жүрміз. Яғни, қоғамға дәстүрлі дін мен діни ағымның арасын ажырату үшін пайда болған сөз.
Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ кездесу барысында қатысушылардың мазалаған сұрақтарына тұщымды жауаптар да берілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫН ТАЗАЛАДЫ

Next Post

2024 ЖЫЛДЫҢ 1-ТОҚСАНЫНДА 10 382 ПӘТЕРДЕН 128 КЕМШІЛІК АНЫҚТАЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі