13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫН ТАЗАЛАДЫ

18 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫН ТАЗАЛАДЫ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағындағы ескерткіштер, саябақтар, киелі орындарды қоқыстан тазарту жұмыстары Сабыр Рахымов атындағы «Жеңіс» саябағында жалғасты.
Еңбекші ауданындағы «Жеңіс» саябағында Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Орталық Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Омарұлы Рахымовтың ескерткішін тазалау, әрлеу жұмыстары жүргізілді.
Саябақ толықтай тазартылып, ағаштар әктеліп, қоқыстар шығарылды. Бұл жұмысқа барлығы 600-ден астам тұрғын, 5 техника жұмылдырылды.
Сондай ақ, Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «КазАтомПром» АҚ, «Группа Интеко» ЖШС, «Еңбекші» КММ және еріктілер атсалысты.
— Бүгінгі таңда барлық қала тұрғындары осы акцияға қатысып жатыр. Бірінші кезекте киелі мекендерді абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қуантарлығы акцияға тек жұмысшы топтар ғана емес, қала тұрғындары белсенділік танытып, ерікті түрде қатысып келеді. Бұл дегеніміз әрбір азамат ел алдында өз міндетін, жауапкершілігін жоғары деңгейде сезінетіндігін білдіреді. Осы орайда, жастарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Кез келген уақытта барлық ұсынысты қабылдап, өз көмектерін көрсетуде,— дейді Сейфулла Зауырбеков «Группа Интеко» ЖШС-нің басшы орынбасары. Сайрам – сансыз баптар мекені. Бұл жерде Қожа Ахмет Яссауидің ата-анасы Ибраһим ата мен Қарашаш ананың, Қожа Ахмет Яссауидің бабасы Махмутхан-шейх бабаның, Қыдыр атаның әкесі Қожасалықтың, көшеде зікір салып, адамдарды емдеген Мәриям ананың, ел арасында ислам дінін уағыздаған Шах-мәлік баба мен оның ұлы Мірәлінің, исламды таратушы, бәлені болдырмайтын және жаладан ақтай алатын әулие, жұртшылық арасында Бәлегарден деген лақапқа ие болған Әбдул-Әзіз бабтың кесенелері бар.
Шымкент қаласынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан осынау киелі мекен үшінші мегаполистің Қаратау ауданының аумағында кіреді.
Бүгін Қаратау ауданы әкімінің аппараты, «Қаратау» КММ-нің тазалықшылары, ерікті жастар Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» кесенесінің аумағын абаттандыру, сырлау, әктеу және тазалық жұмыстарына қатысты.
Халық арасында әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы талай аңыздарға арқау болған Ибраһим ата кесенесі XVI-XVII ғасырларда салынған. Тарихи маңызы бар нысан бірнеше рет жөндеу жұмыстарынан өткен. Қазіргі таңда бұл кесенеге зиярат етіп келушілер саны артып отыр.

Previous Post

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА 1 264 ПӘТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Next Post

ЖАСТАРҒА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі