13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«КИЕЛІ МЕКЕН»: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДАҒЫ КЕСЕНЕЛЕР МАҢЫ ТАЗАРТЫЛЫП, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

19 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
«КИЕЛІ МЕКЕН»: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДАҒЫ КЕСЕНЕЛЕР МАҢЫ ТАЗАРТЫЛЫП,  КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы кесенелердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды. «Сырдария-Түркістан» табиғи паркінің ұйымдастыруымен табиғат жанашырлары жұмыла кірісіп, Боралдай филиалының Бәйдібек ата орманшылығының «Бәйдібек ата» және «Қос ана» кесенелері аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған шараға Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалив, Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов арнайы қатысып, тазалық жұмыстарының барысын бақылауына алып, кесене аумағына ағаш отырғызды. Онда 100 түп орман және мәдени ағаш көшеті егілді.

Отырғызылған көшеттердің 50-і жай арша, 50-і өрік ағаштары. Сонымен қатар кесене аумағында ретсіз өскен шөптер жұлынып, қураған талдар бұталып, ағаш түптері әктелді. Аталған акцияға 50-ге жуық адам атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.

Бүгінгі шарада егілген көшеттер «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің жергілікті тұқымбағында өсірілген. Қазіргі таңда аудан аумағына тұқымбақта өсірілген шырша көшеттері егіліп, аудан сәніне сән қосып тұр.

Алдағы уақытта жоспарға сәйкес «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» бағыттары бойынша өңірлік парктің басқа да аумақтарында науқан өз жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЕКСЕУІЛ АЛҚАБЫ ЖЫЛ САЙЫН ҰЛҒАЙЫП ЖАТЫР

Next Post

Адам папилломавирусы - жыныстық жолмен берілетін кең таралған инфекция

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі