13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК АУРУЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК АУРУЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жер бетінде 70 миллион адам созылмалы жүрек ауруымен ауырады. Бұл тек тіркелгені. Өз бетінше ем алып, медициналық көмекке жүгінбей жүргендер қаншама. Қазір дерттің осы түрі жастар арасында өршіген. Пандемиялық дерттің алдын алу бойынша Шымкенттегі Жүрек орталығында халықаралық конференция өтті.

Алқалы жиынға алыс-жақын шет елдерден арнайы кордиолог мамандар шақыртылған. Олар созылмалы жүрек ауруларының алдын алу, тиімді ем-дом тақырыптарында пікір алмасты. Соңғы технологияларды пайдалана отырып, науқасқа оң ықпал ету бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Ионин Валерий – И.Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің факультет терапиясы кафедрасының доценті
— Мен Ресейден келіп отырмын. Шақырту алғаныма қуаныштымын. Бұл ең алдымен Шымкент қаласының дәрігерлері науқастардың болашағы үшін алаңдайтынын аңғартады. Қазір соңғы медициналық тәсілдер бойынша пікір білдірдік. Мамандарға өз тәжірибелерімізбен бөлісеміз. Науқастармен жеке кездесіп, жағдайын білмек ниеттеміз.
Жүрек жеткіліксіздігінің созылмалы түрі, жедел аурудан айырмашылығы, асимптоматикалық түрде басталып, біртіндеп дамиды. Аурудың бастапқы кезеңінде айқын белгілер жоқ, ал жүрек проблемаларын тек медициналық тексеру кезінде анықтауға болады. Уақыт өте келе науқас физикалық жүктеме кезінде ентігу мен жүрек соғуын дамытады. Кейінгі кезеңдерде бұл белгілер тыныштықта да сақталады.

Даму себептері

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі миокард пен қан тамырларына әсер ететін басқа аурулардың фонында пайда болады. Сондықтан әрдайым алғашқы ауруларды емдеу немесе медициналық бақылауда ұстау, сондай-ақ қанайналым жүйесінің күйін бақылау қажет.
Қазір Қазақстандағы жағдай да мәз емес. Созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқастың әр 5-шісі 5 жылға жетпе й көз жұмады. Ай сайын аурухана төсегіне тәуелділер де көбейген. Қазір 2021 жылы қолға алынған Жол картасы негізінде кабинеттер тұрақты жұмыс істеп тұр.

Конференцияда эхокардиографиялық зерттеу жасаудың соңғы тәсілдері көрсетілді. Жергілікті мамандарға осы бағытта арнайы дәріс өткізілді. Аймақтық шараға қатысқан 70 маманның барлығы дерлік созылмалы жүрек ауруына қатысты кез-келген қиын жағдайға сақадай сай болуы терең түсіндірілді.

Previous Post

АИТВ жұқпасы туралы не білеміз?

Next Post

ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ: ВАКЦИНАДАН БАС ТАРТПАҢЫЗ!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі