13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АИТВ жұқпасы туралы не білеміз?

3 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
АИТВ жұқпасы туралы не білеміз?
Share on FacebookShare on Twitter

АИТВ инфекциясы – адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция. АИТВ инфекциясы иммундық жүйенің СД4 клеткаларын зақымдайды. АИТВ инфекциясы асқынған жағдайда ЖИТС-ке әкеліп соқтырады.
ЖИТС (СПИД ) – жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Бұл кезең науқаста оппортунистік аурулардың бой көтеруі мүмкін. Яғни туберкулез, онкологиялық аурулар, пневмония аурларына шалдығу деңгейі жоғарылайды.
АИТВ үш жолмен – қан және оның компоненттері; қорғалмаған жыныстық жол; анадан балаға берілу жолы арқылы жұғады.
Науқасқа АИТВ-ға тексерілмеген адамның қанын құйған жағдайда немесе иньекциялық есірткі тұтынушылар бір шприцті бірнеше адам пайдаланғанда жұғады. Сонымен қатар, дертті жыныстық жолмен жұқтырып алмау үшін адамның бір ғана жыныстық серіктесі болуы керек. Егер әйел жүктілік кезінде АИТВ жұқтырса, онда босану кезінде балаға да АИТВ жұғуы мүмкін.
АИТВ-ға шалдыққан адамды түр келбетіне қарап анықтау мүмкін емес. АИТВ инфекциясы ұлт, нәсіл, жыныс, жас талғамайды. АИТВ инфекциясы тұмау тәрізді ауа тамшылы жолмен жұқпайды, тек қана жоғарыдағы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады.
АИТВ сараптамасы:
— Түрлі жұқпалардың алдын алып, дер кезінде емдеу үшін;
— АИТВ жұқтырған жағдайда аурудың дамуын бәсеңдететін вирусқа қарсы препараттарды дер кезінде қолдану үшін;
— өзіне жақын адамдарына, туыстарына, дос-жарандарына жұқтырмау үшін;
— АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік, босану, емізу кезінде алдын алу үшін қажет.
Қоғамда АИТВ-ның жыныстық жолмен жұғуы кең етек алып, жүктілік кезінде жұқтырғандардың көбеюіне байланысты 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері де( күйеулері ) АИТВ-ға тексерілуі міндеттелді. Әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Емдеу мекемелерінде АИТВ- ға тексерілу тегін жүргізіледі.

Previous Post

ӘР ҮШІНШІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН...

Next Post

СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК АУРУЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі