13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік 25 жігіт отан алдындағы борышын өтеуге Алматы горнизонына аттанды

5 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік 25 жігіт отан алдындағы борышын өтеуге Алматы горнизонына аттанды
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Олар бір жыл бойы «Райымбек батыр» атындағы десанттық-шабуылдау бригадасында әскери мамандық курсынан өтеді. Қызмет уақыты аяқталғаннан кейін жас сарбаздар өз қалауы бойынша әскери мансабын жалғастыра алады немесе басқа мамандықты таңдауға құқылы.
Ал оларға ЖОО-ға түсу тегін болады. Әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсіміне жігіттердің ата-анасы мен туыстарынан бөлек, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Әбдіғабит Шегебаев, Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы: «Армия – әр жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасын, Отанын қорғауға дайын болуы керек. Сіздер алдағы қызмет жылында азаматтық өмірде де пайдалы болатын маңызды және пайдалы нәрселерді үйренеді деп сенемін. Ал сіздердің біреулеріңіз үшін бүгінгі күн өміріңіздегі басты қадам болуы мүмкін. Қызметтеріңізді абыроймен орындап 12 айдан кейін, осындай құрамда қайта кездесуімізді күтемін»

Айта кетсек, жалпы көктемгі жоспарға сәйкес Шымкенттен 1000-ға жуық жігітті әскерге шақыру көзделіп отыр.Шымкенттік жігітер отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Мемлекет басшысының үндеуінен кейін ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда. Шымкенттеде төтенше жағдай кезінде әскер сапында, ел үшін тер төгуге бел буғандардың қарасы қалың. Еріктілерді әскери комисариат қандай талаптармен қабылдайды?

Шымкенттегі барлық әскери құрылым төтенше жағдаймен күресуге жұмылдырылған. Десекте қауіпті кезеңде эліде қосымша күш керек. Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әскери қызметке келушілердің ішінен әзірге 100 азаматты қабылдайды. Олар дизинфекциялық жұмыстар мен блокпосттарда патрульдік қызмет атқарады.

«Жалпы Шымкент қаласынан тартылатын жастардың саны 100-ге жуық деп жоспарлап отырмыз. 35 жасқа дейінгі азаматтарды тіркеуге алып жатырмыз» — дейді Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ринат Мадияров.

Еріктілердің денсаулығын әскери комиссариаттағы медицина мамандары ексереді. Одан өткесін сарбаздар мен сардарлар қаладағы әскери бөлімдерге жолданады. Олар төтенше жағдай уақыты біткенше әскер қатарында болады. Жұмысы бар еріктілердің айлық жалақысы сақталады. Жұмыссыздарына айына 42500 теңге төленеді. Еріктілер әскери қызметке пайда үшін емес, отан үшін баруда.

Previous Post

​«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: Шымкентте 11 мыңға жуық азаматты оқыту жоспарланған

Next Post

Ботулизмнен қалай сақтану керек?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі