13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Біз туберкулезді тоқтата аламыз!

5 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Біз туберкулезді тоқтата аламыз!
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2000 жылы жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында туберкулезге қарсы жаһандық серіктестік құруды мақұлдады — STOP TB серіктестігін туберкулез жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелген бар 20 елдің делегациялары қолдап, қол қойған еді. Бұл серіктестік БҰҰ құрамына кіреді.
«Қазақстанда ТБ тоқтатамыз» серіктестігі 2017 жылы ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаның және халықаралық әріптестердің бастамасымен құрылды. Оның мақсаты: мүдделі ұйымдар мен жеке тұлғалардың күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстанда туберкулез ауыртпашылығын азайту.

Әрине, туберкулез ауруының алдын алып, оны тоқтату мақсатында №8 қалалық емхана мамандары да атсалысуда және біз аталмыш серіктестіктің миссиясын орындауға өз үлесімізді қосамыз!

Туберкулез – жұқпалы ауру, ол адам ағзасына туберкулездің микробактериялары енгенде дами бастайды. Туберкулезбен ауыратын адам және оның шығындылары, әсіресе қақырығы негізгі жұқпа көзі болып табылады. Туберкулезді ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде жұқтыру мүмкін.

Аурудың ерте анықталуы туберкулезді емдеудің ең маңызды шарты болып табылады.

Туберкулездің негізгі белгілерін есте сақтаңыз:

— 2 аптадан астам уақыт жөтелу, қақырық шығару;

— Дене салмағының кемуі;

— Түнгі терлеу;

— Дене температурасының 37,00 С — 37,90 С көтерілуі (әсіресе кешке);

— Жалпы әлсіздік, тез шаршау;

— Кеуде ауруы.

Ауруды дер кезінде және нақты анықтау үшін науқасты тексеру қажет. Қазіргі кезеңде ауруды анықтаудың ең сенімді әдістері: бактериологиялық (қақырықты зерттеу), балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасын енгізу, рентгенологиялық.

Туберкулездің алдын алу мыналарға бөлінеді, тікелей ауру қоздырғышына бағытталған — ерекше (вакциналау) әдісі және сау адамдар арасында аурудың алдын алуға бағытталған – санитарлық әдісі.

Туберкулездің алдын алу шаралары:

Міндетті түрде туғанда вакциналау және 6-7 жаста қайта вакциналау.
Саламатты өмір салтын ұстану, тиімді тамақтану (тамаққа ет, сүт өнімдерін, балық, астық тектес өсімдіктерді, көкөніс пен жеміс-жидекті қажетті деңгейде қабылдау), жүйелі түрдегі физикалық белсенділік, толық демалу (қажетті мерзім ұйықтау), шылым шегуден, ішімдік ішуден және есірткіден бас тарту, таза ауада жиі серуендеу, үй-жайды жиі желдету.
Жеке гигиена ережелерін сақтау (жөтелу және түшкіру кезінде майлық немесе қол орамалмен қолдану қажет).
Туберкулезді дер кезінде диагностикалау және емдеу.
Бала туғаннан кейін флюрографиялық тексеруден дер кезінде өту.
Туберкулез – бұл әлеуметтік проблема, оны толығымен медицина қызметкерлерінің арқасына жүктеуге болмайды. Әр адам өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарамаған, халық өмірінің лайықты болуы үшін әлеуметтік кепілдік болмаған жағдайда, туберкулез ауруы келешектің басты қауіп-қатері болып қалуы мүмкін.

Previous Post

КОЛОРЕКТАЛЬДЫ ОБЫР КӨБЕЙІП ТҰР

Next Post

Шымкентте 700-ге жуық тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі