13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

15 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің алдында Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек, музыкалық продюсер Қалдыбек Құрманалиев, Алматыдан «Ш.Қалдаяқов» поезымен арнайы келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.

«Түркістан облысы – қазақ даласына қаншама дарындарды сыйлаған киелі мекен. Әнімен кең даланы тербетіп, Қазақ вальсінің королы атанған, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың биыл туғанына 90 жыл толып отыр. Отырарда туып, ән падишаһы атанған, қайталанбас дарын иесінің есімін ұлықтау – бізге артылған абыройлы міндет. Түркістан қаласының жаңа орталығында бой көтерген композитордың ескерткіші – облыс жұртшылығына, қазақ еліне мереке қарсаңында тамаша тарту болып отыр», — деді облыс әкімі.

Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 2,5 метр, ұзындығы – 3,5 метр. Авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, кәсіби шебер мүсінші Тілеуберді Бинашев. Ескерткіш демеушілер есебінен жасалды.

Композияға келер болсақ, бұл – Қалдаяқовтың шығармашылық ой үстінде отырған сәті. Сазгер бейнесінің жас жеткіншектерді өнерге, мәдениетке баулитын «Ақжайық» музыка мектебінің ауласында бой көтеруі – заңдылық. Халықтың суретке түсуіне, жақынырақ келіп көруіне ыңғайлы.

Қазақ руханиятының жандануына өлшеусіз үлес қосып, бүкір қазақ жерін тербеткен Шәмші бейнесі жас өнерпаздарды ізгілікке бағыттайтын бағдары болары сөзсіз. Түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан қаласында дарынды тұлғалардың есімі ұлықталуы – қазақ руханиятындағы ілкімді істің бірі.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Атырауда тәуелсіздік күні қарсаңында 150-дей отбасы баспаналы болды

Next Post

Кентаудағы балабақша қызметкерлерінің жалақылары алдағы қаңтар айында толық төленетін болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі