13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Атырауда тәуелсіздік күні қарсаңында 150-дей отбасы баспаналы болды

15 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Атырауда тәуелсіздік күні қарсаңында 150-дей отбасы баспаналы болды
Share on FacebookShare on Twitter

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласының Береке шағын ауданда салынған үйлердің пәтер кілттері табыс етілді. Іс-шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

144 пәтер «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көп қабатты тұрғын үйден берілді.

Баспаналы болғандардың басым көпшілігі мемлекет қамқорлығы санатына жататын аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жетім балалар.

«Мемлекет басшысы халықтың аз қамтылған тобын баспанамен қамтуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Биыл ұзақ жылдар қиналып келген біраз жерлесіміз баспаналы болды. Бұдан тыс жыл аяғына дейін ұзақ уақыт кезекте тұрған азаматтар мен апатты жатақхана тұрғындарының біразын жаңа үйлерге көшіреміз. Жерлестерімізді қуанышқа кеңелту жұмыстары баспанаға мұқтаж отбасылардың мәселесі толық шешілгенге дейін жалғасады»,- деді өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Жыл басынан бері кезекте тұрған 363 отбасы жаңа қонысқа ие болған. Бұның сыртында апатты үйлер мен жатақханаларда тұратын 481 отбасы да баспаналы болған.

«Мен 2008 жылдан бері үй кезегінде тұрғанмын, бүгін қуанышты сәтті бастан өткерудемін. Карантин жағдайында талаптарды қатаң сақтай отырып, Елбасының тапсырмасын жүзеге асырып, құрылыс жұмыстарын тоқтатпай, баспанамен қамтып отырған облыс әкім Махамбет Досмұхамбетовке сондай-ақ қала әкіміне шексіз алғысымды білдіремін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болсын!»,- деді жаңа қоныс иесі Қонысқали Саттығұлов.

Сондай-ақ, биыл қауіпті жағдайдағы 10 үйдің тұрғындары пәтерлі болып, Қарабатан елді-мекеніндегі 24 отбасы Жұлдыз ықшам ауданындағы жаңа үйлерге көшірілгенін де айта кетеу керек.

Осылайша жыл басынан бері мыңға жуық атыраулық баспаналы болды. Ал жыл соңына дейін апатты үйлер мен жатақхана тұрғындарына тағы да 332 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Елбасы қоры түркістандық балаларға орталық тарту етті

Next Post

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі