13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алименттің жауапкершілігі жоғары

10 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Алименттің жауапкершілігі жоғары
Share on FacebookShare on Twitter

Бала жауапкершілігі — ата-ана мойнында. Алайда баланы өмірге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналардың ортақ бала үшін жасайтын қамқорлықтан жалтаруы жан ауыртады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекітілген алиментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Керісінше, ажырасқан отбасын әуре-сараңға салып, іздетіп, жұмыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әкелер де көп кездеседі.
Алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалмауына борышкердің тұрақты кірісінің және өндіріліп алынуы мүмкін мүлкінің жоқ болуы, сондай-ақ жұмыс орындарының жетіспеушілігі әсер етеді. Әсіріесе борышкерлердің жаңа мекен-жайларын қалдырмай, басқа өңірлерге уақытша тіркеусіз жұмыс істеп немесе кәсіп іздеп кетуі көп кездеседі. Сонымен қатар азғындық өмір салтын жүргізетін, тұрақты жұмысқа орналасқысы келмейтін, алкогольді асыра пайдаланатын борышкерлер де қарызды өндіру ісіне кедергі келтіреді.
Борышкерлерді заңға сай тәртіптік жазаға ұсыну — өз міндетін жалтарғандарға ой салудың, бала-шағасы алдындағы парызын ұғындурудың бір жолы болмақ. Бұл тұрғыда борышкерді әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліке, жүргізу куәліктеріне уақытша тоқтату сондай-ақ, ел аумағынан шығуына шектеу қойылған.
Өз отбасы алдында борышкерлердің әлеуметтік жағдайы әртүрлі болатыны белгілі. Сондықтан алимент өндіруде оларға мүмкіндікке қарай қолдау да көрсетіледі. Мысалы, өңірде жұмыссыз борышкерге жұмысқа орналасу туралы хабарламамен жұмыспен қамту орталығына жіберіліп, борышкерлер жұмысқа орналастырылды. Азаматтың өзі саналы түрде уақытымен төлеп, бала тағдырына қамқор болмаған соң мәжбүрлі іске асыру бұл істе қиындық туындатады. Алайда әрбір азамат,әрбір бала мемлекет қолдауына ие, бала тағдыры жауапсыз қалмайды. Сондықтан алимент төлеудің қиындықтарын жеңу, өтінім берушінің құқын қорғау – біз үшін басты міндет.

Previous Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНДІ

Next Post

АШЫҚ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ: ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі