13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

10 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосуды тапсырды. Платформа мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етеді.
«Мемлекеттік органдарда жинақталған ұшы-қиырсыз деректер қорына қолжетімділік шектеулі болуына байланысты оның әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр. Бұл жерде ақпараттың «ашықтық презумпциясын» басшылыққа алу керек. Smart Data Ukimet арқылы анонимді деректерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Мен бұл жерде барлық ақпараттың анонимді болғаны әрі сенімді қорғалғаны жөн екенін айтып отырмын. Жеке деректердің таралып кетуіне қатысты барлық қауіпті жою керек», – деді президент.
Мемлекет басшысы бұл орайда 2024 жылы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қоcуды тапсырды. Платформа мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге тиіс.
Жасанды интеллект арқылы оқушылар мамандық таңдай алады. Шымкенттік білім орталығы нейроқұрылғы көмегімен балалардың қабілетін анықтап, бағдар береді. Жаңа технология арқылы бүгінде шымкенттік 500-ден астам оқушы кеңес алып үлгерді.
Шымкентте мектеп оқушыларына мамандық таңдауға жасанды интеллект көмектеседі. Нейроқұрылығының көмегімен балалар өздерінің қандай қабілеттерін дамытуға болатынын және қандай мамандыққа бейім екенін анықтай алады. Жаңа құрылғы оқушылардың оқу орнын аяқтағаннан соң, білікті маман әрі тұрақты жұмысы бар азамат болып қалыптасуына ықпал етеді дейді мамандар.
Нейроқұрылғы адамның мамандыққа бейімділігін ғана емес, эмоцияларын да көрсетеді. Емтихан тапсырар алдында баланың психологиялық ахуалы да өте маңызды. Бұл мамандардың оқушыға қажетті көмек көрсетуіне де септігін тигізеді. Баланың эмоцианалды жағдайын анықтап, түрлі қайғылы оқиғаның алдын алуға, емтихандағы қобалжу, уайым кезінде өз-өзін қолға алуға үйретеді.

Жалпы білім беру орталығы кәсіби мамандықты таңдауға бағыт беретін 3 кезең бойынша жұмыс істейді. Ал нейроқұрылғы арқылы баланың бейімділігін анықтау алғашқы кезең. Мамандар құрал арқылы оқушының бойында бар қабілеттерді анықтап, соған сәйкес мамандық таңдауға көмектеседі. Бір қызығы, жаңа технологияны мамандық таңдаудан қателестім деп ойлайтын ересектер де сынап көруіне болады.

Previous Post

«QAMQOR» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ПРОХОДИТ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі