13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары сәуір айында аяқталады

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары сәуір айында аяқталады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмысы сәуір айында аяқталады. Кәсіпорында 2 апта бұрын өндірістік қауіпсіздікті қамту жұмыстары басталған еді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы жұмыс барысымен танысып қайтты. Жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу қарқынды жүріп жатыр. Жұмыс барысымен танысуға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы арнайы келді. Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша зауыт жұмысын уақытша тоқтатудың еш зияны жоқ, себебі елімізде ішкі сұранысты 1,5 ай бойы өтеуге жеткілікті мұнай өнімдерінің қоры жинақталған. Яғни, ел нарығын қамту үшін шамаман 1 миллион тоннадан астам сұйық отын сақтаулы тұр.
Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы: «600 мың тоннадан астам дизель отыны бар. Сонымен қатар 400 мың тоннадан астам бензин отыны, 100 мың тоннадай авиакеросин көлемдері бар. Осы зауыт басшылығының айтуынша, 23 сәуірде біз жөндеу жұмыстарының 1-ші кезеңі аяқталады. Яғни, осы айдың соңына дейін 110 мың тонна мұнай қайта өңделетін болады»
Жөндеу жұмыстарына 30 мердігер компаниядан 2 мыңнан аса адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда техникалық тексеру аяқталып, жабдықтарды ауыстыру, қондырғыларды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Еске салайық, кәсіпорын осыдан 3 жыл бұрын жоспарлы жөндеуден өткен еді.
Бақыт Ерегенов, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры:
«Технологиялық қондырғыларды, қазандықтарды, пештерді, солардың бәрін экспертиза жасағаннан кейін дефекттердің бәрін қорытынды бойынша жою керек. Бүкіл жұмыс жоспар бойынша 100% жүріп жатыр»

Мұғзұм Мырзағалиев жауаптыларға қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар өндірістік жоспарға сәйкес өңдеу қуатын сапалы іске асыруды қамтамасыз ету керектігін айтты.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Next Post

Жыл басынан бері 215 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі