13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.
Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.
Осы орайда, еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаратау ауданы аумағында орналасқан «Нұрсәт» аллеясында 60-қа жуық ерікті жас абаттандыру жұмысына қатысты.
Еріктілер — аллеядағы ағаштардың түбін қопсыттып, оларды әктеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ онда шашылған қоқыстарды жинады.Республикалық экологиялық акция бес аптаға жалғасады. Қазірдің өзінде шымкенттіктер тазалық шараларына белсенді ат салысуда. Қала тұрғындары мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды тазартып, абаттандыруға үлес қосып жатыр.
«Киелі мекен» аптасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады. Бүгінде мегаполисте бүлінген аялдамалар қалыпқа келтіріліп, қала көшелерін жамау жұмыстары да қарқын алған.

Previous Post

Шымкент қаласында алдағы 4 жылда жаңа 31 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады

Next Post

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары сәуір айында аяқталады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі