13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: СПОРТШЫЛАРДЫҢ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: СПОРТШЫЛАРДЫҢ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі Елсияр Қанағатов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Жұмыс сапары аясында биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан қатысатын спортшылардың дайындығын пысықтап, бірқатар мәселелерді талқылау үшін жауапты өкілдермен кездесу өткізді.
Дайындық штабының өкілдері алдымен қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекпен кездесті. Сонымен қатар, спорт мектебінің басшылары, жаттықтырушылар және спортшылармен жүздесіп, ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады.
— ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Туризм және спорт министрлігі, федерациялар, жергілікті әкімдіктердің жұмысын бірлесе ұйымдастыруда дайындық штабы құрылған болатын. Біз үйлестіру жұмыстарымен айналысамыз. Өңірлердегі Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық мәселелерін зерделеп, қандай қолдау, көмек керек екенін білуіміз қажет. Ұлттық құрама командалардың жаттығу жиындарын пысықтап, спортшылар, жаттықтырушылармен кездесуді жоспарлап отырмыз. Шымкент қаласы жолдама саны жөнінен алда келе жатқан өңірлердің бірі. Қазіргі таңда лицензия алған спортшылар алаңсыз, жоспар бойынша дайындалып жатыр. Қатысқан жарыстарға сараптама жасаймыз. Қазіргі уақытта спорттық медицинаға көңіл бөлу керек, — деді Елсияр Баймұхамедұлы.
Қазіргі таңда қала спортшылары Жазғы Олимпиада ойындарына 5 жолдама жеңіп алды. Алда жерлестеріміз бірқатар іріктеу сайыстарына қатысады.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Жоспар белгіленіп, бағыт-бағдар айқындалған. Алда жолдамалар санын арттыруда нақты жоспарлар түзілген. Жолдама алған және үміткер спортшыларға барлық жағдай жасалып отыр.

Previous Post

МЕКТЕП МАҢАЙЫ ТАЗАРТЫЛЫП, АҒАШ ЕГІЛДІ

Next Post

КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ӘЗІР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі