13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

12 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.
Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.
Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.
Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында барлық аудандар мен елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізілді.
Солардың бірі Еңбекші ауданы аумағында өткізілді. Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Алатау» саябағы мен 11 шағын ауданында орналасқан саябақтың аумағын тазалап, шөптерін орып, ағаштарды әктеді.
Сонымен бірге, аудандағы аулаларды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, тазалық жұмыстарына 870-тен астам адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылды, 6,4 шақырым аяқ жолды тазаланып, 970 дана ағаш әктеу және қырқу жүргізілді. 48 м3 қоқыс шығарылып, 1150 м ирригациялық жүйелер тазаланды.
Іс-шараға қоғам қайраткері – Қалмұратов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – М.Ділдәбеков, белсенді жас – Қ.Серікбай, қала жастары мен еріктілер және басқа да азаматтар қатысып, атсалысты.#TazaShym экологиялық акциясының аясында «Қазақстан — Түркия достығы» саябағында өткен іс-шараға қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ассамблея мүшелері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинау, көгалдандыру, ағаштарды күту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Акцияға қатысушылар саябақтағы қоқыстарды тазалап, шөп ору, ағаштарды әктеу, кесу жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, шағын аудандардың аулаларын, қоқыс жәшіктерін тазалау, орындықтарды, балалар алаңдары мен спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына 1200-дан астам адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды, барлық аяқ жолдар тазаланып, 56 м3 қоқыс шығарылды, 14 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.
Іс-шараға армян этно-бірлестігінің өкілі Н. Мавсосиян, белсенді жас А. Сұлтан және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Д.Қожамжарова және басқа да қала тұрғындары қатысты.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Next Post

АЛЬ-ФАРАБИСКИЙ РАЙОН: ПРОДОЛЖЕНИЕ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі