Шымкент қаласының Тұран ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, #TazaShym қаласының аумағын жинау және абаттандыру бойынша жалпы қалалық іс-шараға қатысты.
13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады — апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды.
Аудан тұрғындары мен белсенді жастар «Бадам» өзенінің жағасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Таштракт көшесінде қоқыстарды жинау, шөптерді жинау және қоқыс жәшіктерін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Іс – шараға Мемлекет және қоғам қайраткері — О.Рахманбердиев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – А. Юсупова, аудандық Жастар ресурстық бөлімінің басшысы-А. Шынтореева, белсенді жастар және басқа да қала тұрғындары қатысты.
Бес аптаға созылаатын науқанға үшінші мегаполис тұрғындары барынша қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарына белсенді қатысуда.
Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл ауқымды іс-шара Қаратау ауданында да жүзеге асуда. Іс-шара барысында барлық ауданға қарасты елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Т.Назарбеков» аллеясының аумағын, Ж.Шаяхметов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының, «Нұрсәт» шағын ауданы аумағын тазалап, қоқыстардан тазартты, ағаштарды әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға тұрғындармен бірге танымал айтыскер ақын – Б.Байтуов, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А.Тоқмағамбетов, белсенді жастар және басқа да азаматтар қатысты.
Жалпы, еліміз бойынша өтіп жатқан акцияның мақсаты қаланы көркейту, абаттандыру, тұрғындар назарын айналасын таза ұстауға аудару.
Осы орайда қаратаулықтар «әр ай сайын тазалық акциясын өткізіп отыру керек. Сол кезде қаламыз да, ауданымыз да тазарып, жайнай түседі»-дейді.




