13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ ДА ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

12 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ ДА ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы «Шым қала» тарихи-мәдени орынында 300-ден астам қала тұрғындары мен белсенді жастардың, тарихшылар мен этногрофтардың және өнер саласы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
#TazaShym акциясында 30 м3 қоқыс шығарылып, 5 га тарихи-мәдени орын аумағының шөптері орылды. Аумақтағы 5 км аяқжолдар мен арық-атыздар тазаланды.
Сондай-ақ өнер майталмандары мен белсенді жастар көңілді күймен іс шараның көркін қызықтырып, Шымкент қаласының тарихы туралы ой бөлісіп, жастарға ғибратты насихат жүргізілді.
Тазалық акциясына қатысқан тарихшы-шежіреші, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі М.Әбдіәкім тарихи орындарды күтіп ұстау, оны келер ұрпаққа аманаттау ертеңгі жас ұрпаққа қалдырған мол мұра екенін, жастарды қаламызды таза ұстауға шақырса, белсенді жас Д.Ерханова қаламыздың тазалағын сақтау әрбір қала тұрғындарының міндеті екенін, тазалық денсаулық кепілі екенін жеткізіп, барша жастарды қаламызды таза ұстауға шақырды.
Сонымен қатар, Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.
Акцияға қатысушылар Қаратау ауданы аумағында орналасқан тарихи-мәдени орындардың тазалығына да назар аударды. Атап айтқанда Сайрам тұрғын алабында орналасқан, туристердің ең көп баратын аумағы Ибрагим ата, Қарашаш ана, Мірәлі баб кесенелері мен Қызыр мұнарасы аумағында өткізілді. Аймақты тазалаумен қатар қураған ағаштарды кесу, талдарды әктеу, шөптерді тазалау, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 450-дан астам адам қатысып, бірқатар арнайы техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, аталған жұмыстар киелі орындардың тартымдылығын арттырып, туристердің қызығушылығын оятатыны сөзсіз.
Акцияға қоғам белсендісі – М.Мирхалдаров, кәсіәби гид экскурсовод Г.Бекмуратова қатысып, тарихи орынның шығу тарихына тоқталып өтті. Олар өз сөзінде еліміздегі туристік аймақтарды дамыту, оларды күтіп ұстау тек мемлекеттің емес барша азаматтардың міндеті екеніне тоқталды. Ал, белсенді жас А.Сматулла қала жастарын тазалық акциясына белсенді қатысуға және қаламызды таза ұстауға шақырды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОБАҚТА БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛЫП, ҚАРИЯЛАР БАТА БЕРДІ

Next Post

КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі