13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

4 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) тіркелді.
“Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 километр жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV, магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша) Алматы 5 балл”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Жедел ақпаратқа сәйкес Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) 2 балл болған.
Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды.
“Бірінші тербеліс аяқталған соң ғимараттан шығып, халықты қабылдау пунктіне барыңыз. Тек ресми дереккөзге сеніңіз. Сирена естілген соң құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат ұсынылады”, – деді Атығаев.

Previous Post

Құрлық әскерлерінің офицерлері оңтүстік өңірдегі әскери бөлімдерді тексерді

Next Post

Алматы қаласында афтершоктардың қайталану қаупі сақталады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі