13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТЕЛЕКӨПІР ӨТТІ

1 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТЕЛЕКӨПІР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін «1 наурыз — Алғыс айту күніне» орай Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов республика аясында «Қайырымдылық керуені» акциясы басталғанын жария етті.
Астанада өткен ҚХА телекөпір жиынына Түркістан облысы ҚХА барлық құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері түгел қатысып, ортақ іске жұмыла жұмыс істейтінін айтты.
Ел бірлігі жолында еңбектеніп, татулықты ту етіп жүрген ҚХА өкілдерінің баршасына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев алғыс айтып, әрдайым береке-бірлікте жұмыс атқаруға шақырды.
Елмен бірге еңбектеніп, жұртпен бірге жұмылып жүрген Түркістан облысы ҚХА этно мәдени бірлестік өкілдері қайсыбір кезде болсын қайырымдылықтың басы-қасынан табылып жүргені анық. Арыстағы жарылыс, Мақтаралдағы су тасқыны кезінде Қазақстанның әр түпкірінен Ассамблея мүшелері ағылып көмек көрсетті.
Бірлікке үндеген телекөпір барысында Түркістан облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов баршаны Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгілік пен қайырымдылық шаралардан Түркістан өңірінің халқы шет қалмайтынын айтты.
– Бұл ретте Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер мүшелері өңіріміздегі түрлі қайырымдылық акцияларына, тұрмысы төмен отбасылар балаларын мектепке дайындау шараларына, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен іске асып жатқан қайырымдылық акцияларына белсенді түрде атсалысуда. Түркістан облысында қайырымдылық мақсатындағы шаралардың саны артып, қоғамдық мәнге ие болып келеді. 2023 жылдың басынан бері облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктері мүшелері 870 мұқтаж отбасыға 156 млн теңге, «Мектепке жол» акциясы аясында 882 балаға 25 млн тенге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Үлес» қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға 2010 жылдан бері 40 үй салып берді, — деді Созақбай Исаұлы.
Барымызды бағалап, бірлігімізді көрсетіп жүрген қазақ еліне мың алғыс! Ортақ шаңырағымыз Қазақстаннан шаттық кетпесін!
Алғыс айтып, алғыс арқалағаннан абзал іс жоқ! Түркістан өңірі — татулықтың тұтқасы, ынтымақ-бірліктің өнегелі өлкесі ретінде жасай бермек.
Previous Post

ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІНЕ АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС КЕРУЕНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі