13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің жобасы биыл «Балдәурен» орталығында мыңнан астам бала демалатын болады

28 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің жобасы биыл «Балдәурен» орталығында мыңнан астам бала демалатын болады
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жексенбіде Қарулы күштер әскери қызметшілерінің балалары Түркістан облысының Төле би ауданында, Щучинск және Балқаш қалаларындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының (РОСО) филиалдарына келді.

Бұл Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың осы жылдың қаңтар айында өткен кездесуі кезінде қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесі.
Оның қорытындысы бойынша жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің бірлескен жоспары әзірленіп, бекітілді. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында әскери қызметшілер мен Қарулы күштер қызметшілерінің балаларына квота бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Демалысқа бірінші кезекте шалғайдағы гарнизондарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың, толық емес және көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар жіберілді.
Орталықта болу мерзімі – 21 күн. Бұл ретте мәдени-демалыс және сауықтыру іс-шараларынан басқа балалар мектеп бағдарламасының пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде сабақ оқиды.
Бұл 2024 жылы «Балдәурен» орталығының филиалдарында мыңнан астам баланың денсаулығы мен жеке дамуы үшін пайдалы демалыс болмақ.
Министрліктердің бірлескен жоспарында «Балдәурен» РОСО ведомстволық тиесілілігіне, штат кестесіне, «Алтын емел» кешенінің инфрақұрылымын жетілдіруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, спорт қалашығын салуға және аудитория жабдықтауға қатысты бірқатар ұйымдастыру іс-шараларын өткізу көзделгенін атап өткен жөн.
Мұндай ынтымақтастық әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен жұмыс істеуге бағытталған. Әскери істің негіздерін үйренуден практикалық сабақтарды қамтитын тиісті оқу бағдарламасы да енгізілуде. «Жас сарбаз», «Смарт сарбаз» сыныптары ашылады, басқа да іс-шаралар жоспарланып отыр. Әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері үшін бірыңғай нысанды енгізу мәселесі жуырда шешіледі.
Осы іс-шаралардың барлығы 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын іске асыруға қызмет етеді.

Previous Post

МХҚКО - да емтихан тапсыруға арналған онлайн-брондау шымкенттіктердің өмірін жеңілдетті

Next Post

Әскери бөлімдердің Ағаш өңдеу цехтарының мамандары өздерінің кәсіби деңгейін шыңдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі