13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МХҚКО — да емтихан тапсыруға арналған онлайн-брондау шымкенттіктердің өмірін жеңілдетті

28 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
МХҚКО — да емтихан тапсыруға арналған онлайн-брондау шымкенттіктердің өмірін жеңілдетті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

нді шымкенттіктер «ХҚКО»қосымшасы арқылы емтихан кезегін брондаудың жаңа тәсілін пайдалана алады. Мәселен, азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.
Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін «ХҚКО» қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады.
Бейнеқоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызметалушының фото суреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.
Айта кетейік, еліміздің барлық МХҚО-ларына емтихан тапсыруға кезекті брондау үшін «ХҚКО» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Қосымшаны GooglePlay және AppStore-дан жүктеп алуға болады. Осы күні оны 350 мыңға жуық қолданушы орнатып үлгерген.

Previous Post

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - аса қауіпті жұқпалы ауру!

Next Post

Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің жобасы биыл «Балдәурен» орталығында мыңнан астам бала демалатын болады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі