13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Адам басына 10 мың доллар: Таиландта құлдықта болған екі қазақстандық қыз құтқарылды

22 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Адам басына 10 мың доллар: Таиландта құлдықта болған екі қазақстандық қыз құтқарылды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Таиландта құлдықта болған екі қазақстандық қыз құтқарылды. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қаңтар айының соңында Қазақстанның Таиландтағы консулының WhatsApp мессенджерінде қазақстандық әйелдің еңбек құлдығында жүргені туралы хабарлама түскен.
«Ол көмек сұрап, оны ол жерден алып кетуді сұраған. Жергілікті билікпен байланыса отырып, екі азаматымыздың еңбек құлдығында жүргенін анықтадық. Біз бар күшімізді салып, бір ай бойы келіссөз жүргіздік, азаматтарымызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшып келе жатыр. Олардың бірі Алматыдан, екіншісі Ақтөбеден», – деді Смадияров.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олар қыздардың әрқайсысының бостандығы үшін 10 мың доллардан талап еткен.
«Дипломаттарымыздың көмегінің арқасында біз оларды бір тиынсыз құтқарып алдық. Олар 10 мың доллар немесе қыз болса жезөкшелік, жігіт болса ағзаларын сату деген шарттарды қойды», — дейді Смадияров.
Екі қыз да интернеттен жарнама көріп, Таиландқа жұмысқа барған. Екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі.
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға шетелге жұмыс істеуге барар кезде барлық шарттарды, оның қандай компания екені және жауапкершілік ауқымы туралы ақпаратты мұқият тексеру керек екенін ескертті.

Previous Post

СҚО-да 9 мектеп директорына тыйым салынған сайттарға кіргені үшін айыппұл салынды

Next Post

Енді қазақстандықтар дәрігерге терапевтің жолдамасынсыз бара алады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check