13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкент : «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындар мәселесі тыңдалды

11 декабря, 2020
in Cаясат
0
Шымкент : «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындар мәселесі тыңдалды
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де елдегі сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Партиялар Сайлауалды бағдарламалары негізінде түрлі акциялар мен іс-шарлар өткізу жұмыстарына  көшті. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы да науқанға сақадай сай дайындықпен келгенін мәлімдеп, үгіт-насихат кезеңінің іс-шараларын бастап кетті.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары  «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық берілетін болады.

Осы мақсатта Шымкенттегі үгіт-насихат кезеңі «Есіктен есікке» акциясымен алғашқы күннің  шымылдығын түрді. Акция аясында қалалық мәслихат дептутаттығына үмітерлер мен еріктілер тобы тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның «Сайлауалды бағдарламасын» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі «Есіктен есікке» акциясы Қаратау ауданына қарасты «Нұрсәт» шағын ауданында  өтті. Шараға қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Арман Орынбеков пен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері қатысты. Халық нұротандықтарды жылы лебізімен қабылдап, шағын аудан бойынша түйткілді мәселелерімен бөлісті. Тыңдалған талап-тілектер негізінде арнайы тізім жасақталды. Тұрғындардың басым бөлігі жылу, қоқыс, жарықтандыру, аула тазалығы мен спорт алаңдарын салу мәселесі бойынша шағымданған.

Айта кетейік, Сайлау науқанында қала бойынша 679 іс-шара өткізу жоспарда. Сондай-ақ,  Шымкент қаласы бойынша «Nur otan»  партиясы атынан сайлауға түсетін үміткерлердің бағдарламаларын насихатауға «Жас отандықтардан»  500-ге жуық жастар атсалысады деп күтілеуде.

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanОрынбеков АрманШымкент
Previous Post

Арман Шымбайұлы : Шәуілдір ауылының атауын «Фарабикент» деп ауыстыруды ұсынамын

Next Post

Шағым түсіруге арналған мобильді қосымша таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі