13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құтыру ауруы өте қауіпті!

2 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Құтыру ауруы өте қауіпті!
Share on FacebookShare on Twitter

Құтыру — бұл аса қауіпті жіті вирустық жұқпалы ауру. Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтурудан жыл сайын 50 мың адам өлімге ұшырайды және 1 млн. жануар өледі. Вирусты тасымалдаушыларға жыртқыш аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі және үй жануарлары жатады. Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады.
Өңірдің эпидемиологтары тұрғындарды аса қауіпті аурудан сақ болуға шақырады. Құтыру ауруының вирусы ауру жануарлардан тістеу, тырнау кезінде сілекей арқылы адамның тері қабатына енеді. Сосын жүйке талшықтары мен жұлын миына жеткен вирус өміріне қауіп төндіреді.
Құтыру ауруына шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, тыныс алу мен жұтынуы қиындайды, науқас суды көргенде немесе оны ойлаған кезде (гидрофобия) жұтқыншақ пен көмекейдің спазмаларымен,ауаның қозғалысынан (аэрофобия), жарық шамның әсеріне (фотофобия), қатты дауыс, шуылдың әсеріне (акустикафобия) ұстамалары пайда болады.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмес үшін, қолдағы жануарларды уақтылы мал дәрігерлеріне көрсетіп, ауруға қарсы вакцина салдырған абзал. Мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды адамдардан аулақ ұстау керек.

Б.Елемесов

ТО СЭБД басшысының орынбасары

Previous Post

Қызылша инфекциясының алдын алу

Next Post

Вирусты гепатиттер профилактикасы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі