Ауру себептері-инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Инфекция көзі-ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.
Қызылшаның белгілері-есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі сияқты белгілер болады. Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы байқалады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Осы кезде дене қызуы қатты көтеріледі, тұмау белгілері күшейеді. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40.5°. қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады.
Қызылшаның инкубациялық кезеңі-бұл аурудың бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады.
Қызылшаның алдын алу-қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қазақстан Республикасында алдын-ала егу балаға екі рет 12 айда және 6 жасында жоспарлы түрде тегін жүргізіледі, екі рет алдын-ала егілгендердің иммунитеті 95% құрайды, сондықтан алдын-ала егу жұмыстарына немқұрайлы қарамай балаларыңызды уақтылы алдын-ала екпе ектіріңіздер. Шұғыл вакцинациялау науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Өз денсаулықтарыңыз, өз қолдарыңызда!
Н.Нышанов
ТО СЭБД басшысы