13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тамақтан уланудың алдын алу

7 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Тамақтан уланудың алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Тамақтан улану жылдың барлық мезгілінде тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады.
Тамақтан улану табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру.
Жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы – уланудың негізгі белгілері. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар — стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар.
Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет:
— жеке гигиена ережелерін сақтау;
— қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін;
— тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады;
— ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау;
— тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс; — жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;
— өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс;
— өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет;
— қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек;
— ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды;
Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді.

А.Искаков

ТО СЭБД басшысының орынбасары

Previous Post

Қызылшадан қалай сақтану керек?

Next Post

Инфекциямен күресудің ең тиімді әдісі - вакцинация!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі