Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балалар қызылшаға қарсы алғашқы егуді (вакцинацияны) 12 айда, ал ревакцинацияны 6 жасында алады. Бұрын екпе алмаған, егілгені туралы ақпараты жоқ және бұрын қызылшамен ауырмаған 55 жасқа дейінгі ересек адамдар екпелердің арасында кемінде 3 ай аралықпен қосарланған иммунизациядан өтеді. Бұрын бір рет вакцинацияланған адамдар да қосымша вакцинациядан өтеді.
Эпидемиялық көрсеткіштерге сәйкес, қызылшаға қарсы вакцинация немесе бұрын қызылша ауруының тарихы туралы сенімді ақпараты жоқ қызылшамен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдар үшін вакцинация қажет.
Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылдан астам уақытқа созылатын сенімді иммунитетті жасайды. Вакцинация эпидемиялық жағдайдың нашарлауы кезінде жүргізілсе де, қызылшаның дамуына жол бермейді.
Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырып қалса, Сіз:
-шұғыл медициналық көмекке жүгіну (тұрғылықты жеріңіздегі емхана дәрігерін немесе ауыр жағдайда жедел медициналық көмекті шақырыңыз);
-емханаға өз бетіңізше бармаңыз, дәрігерді күтіңіз;
-дәрігер келгенге дейін туыстарымен байланысын барынша азайтыңыз;
-дәрігерге қай кезеңде және қай шетелде болғаныңызды айтыңыз;
-жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен немесе майлықпен жабыңыз,
-қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз немесе спирті бар қол жуу құралдарын қолданыңыз;
-тыныс алуды қорғау құралдарын қолданыңыз (мысалы, маска немесе дәке таңғышы);
өзін-өзі емдеуге болмайды!
Б.Елемесов ТО СЭБД басшысының орынбасары