13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік МХҚКО-ларда алаяқтық пен күресудің жаңа әдістері енгізілді

21 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік МХҚКО-ларда алаяқтық пен күресудің жаңа әдістері енгізілді
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегіменде бақылауға болады.
Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.
«Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап, ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микроқұлаққап табылғаны және тестілеу тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.
Естеріңізге сала кетейік, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін Мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады. Айта кетейік, ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Шымкентте емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 76 фактісі анықталды.

Previous Post

Қазақстанда шенеуніктердің форумдарға қатысуына, зерттеулер мен іс сапарларына бөлінетін бюджет қысқарады

Next Post

Шымкентте заманауи Конгресс-холл кешені ел игіліне беріледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check