13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілмейтін болды

13 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілмейтін болды
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін өткен үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов қосылған құн салығы мөлшерлемесі көтерілмейтінін мәлімдеді.
“Қосылған құн салығы мөлшерлемесі жоғарыламайтынын мәлім еткім келеді. Ұлттық экономика министрлігі мен қаржы министрлігіне республикалық бюджеттің шығысымен қатар кірісін де сапалы жоспарлау керек”, – деді ол үкімет отырысында.
Премьер қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығын қайтармағанын атап өтті.
“Сонымен қатар шұғыл шығындарды қаржыландыру үшін бюджетке 2024 жылғы төлемдермен аванс берілген. Бұл дұрыс жоспарламаудың салдарынан болған. Былтыр түсуге тиіс болған кірістер жоспары асыра бағаланды. Мұндай тәжірибе қайталанбауға тиіс”, – деп ескертті Бектенов.
Үкімет 2025 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесін 12-ден 16%-ға дейін көтеруді жоспарлаған еді. Кәсіпкерлер оған қарсы шықты.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қосылған құн салығының өсуіне байланысты кәсіпкерлердің жағдайы қалай өзгеретінін айтқан еді.
Ал халықаралық валюта қоры Қазақстанда қосылған құн салығының көтерілуін қолдайтынын мәлімдеген.

Previous Post

Қарағанды облысында мектептегі терроризм туралы хабарлама таратқан 13 жастағы жасөспірім екені анықталды

Next Post

SWP: Казахстан заметно выделяется среди стран ЦА своей внешней политикой

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі