13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарағанды облысында мектептегі терроризм туралы хабарлама таратқан 13 жастағы жасөспірім екені анықталды

13 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қарағанды облысында мектептегі терроризм туралы хабарлама таратқан 13 жастағы жасөспірім екені анықталды
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қарағанда облысының полицейлері оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан 13 жастағы жасөспірімді ұстады.

“Қарағанды облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады”, – делінген полиция хабарламасында.
Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өзінің тelegram-арнасын құрған. Қолға түскен азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан.
Қазіргі уақытта телеграмм-арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Құзырлы органдар шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз беріледі. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Еске салайық, белгісіз біреулер қарағандылық оқушыларды атып өлтіретінін айтып жұртты дүрліктірген еді. Telegram желісінде тараған ақпаратта “10 ақпан күні Қарағанды мектептеріндегі балаларға оқ атамыз” делінген. Мұны көрген желі қолданушылары хабарламаның рас-өтірігін біле алмай әлек болған.

Previous Post

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік бажды төлеуден кім босатылады

Next Post

Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілмейтін болды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі