13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Жас ұшқыштар Шымкенттің авиациялық базасын толықтырды

11 декабря, 2020
in Cаясат
0
Жас ұшқыштар Шымкенттің авиациялық базасын толықтырды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы авиациялық базаcы жоғары әскери оқу орындарын бітірген жас ұшқыш түлектермен толықты.

Түркия мен Ресейдің жоғары оқу орындарын, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Ж.Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын бітірген 20 түлек Шымкент қаласында қызметін жалғастырады.

Лауазымдарға тағайындалар алдында барлық түлектер міндетті түрде бейімделу мен сапқа қосылуға бағытталған арнайы оқу курстарынан өтеді, оның барысында олар қызметке кірісу үшін бақылау бағдарламалары бойынша – техникалық, арнайы, физикалық, тактикалық және атыс даярлығынан тестілеу тапсырады.

Жиынның бірінші күнінен бастап жас лейтенанттар Әскери-әуе күштеріне қарасты авиациялық бөлімі мен қызметтерінің күнделікті оқу-жауынгерлік даярлығына еніп кетті.

Айта кетсек, бөлім басшылығы жас офицерлерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың әйелдерін жұмысқа орналастыру және балаларын мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде орындармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды қарқынды жүргізуде.

Жиын барысында қауіпсіздік техникасы мен қызметтік іс-әрекет негіздері бойынша нұсқаулықтар, көрнекі және нұсқау-әдістемелік сабақтар жоспарланған. Сынақтарды тапсырып, әскери авиациялық техникада жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін офицерлер практикалық ұшуға кіріседі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзавиабазаШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөнінде кеңес отырысы өтті

Next Post

Гарнизондарда әскери қызметшілер отбасыларының белсенді демалысы үшін жағдайлар жасалуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі