13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөнінде кеңес отырысы өтті

11 декабря, 2020
in Мәдениет
0
Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөнінде кеңес отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысы онлайн өтті.

Ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамында  «ҚазҚайтажаңарту» РМҚК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Халықаралық Орталық  Азия зерттеулері институты, Т.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты, Ә.Марғұлан атындағы Археология  институты, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросының мәдениет саласының өкілдері мен археологтар бар.

Кеңес отырысының барысында негізгі 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Шымкенттің көне қалашығын қалпына келтіру, реконструкциялау және жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстарды бағалау жөніндегі жұмыс тобының қорытындысы, «Шымкент көне қалашығы» кешенін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралардың тізіміне енгізу, «Ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу және әлеуметтік қарау алаңымен мәдени ландшафтты жаңарту» жобасы талқыланды.

Көне қалашықты қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстарды бағалау жөніндегі жұмыс тобының қорытындысы жөнінде қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивте басқармасының басшысы Х. Есенова баяндады.  Онымен қоса, жиынға қатысушылар алдағы уақытта амфитеатрдан бөлек, ежелгі көрме және галереяны қайта қалпына келтіру жайын да сөз етті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ескі қаланың кейінгі кезеңдері бойынша концепция даярлауды және іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат ӘйтеновмәдениетШымкент
Previous Post

Шымкентте екі мыңға жуық азамат кәсіптік білім алды

Next Post

Жас ұшқыштар Шымкенттің авиациялық базасын толықтырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі