13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды

12 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 10 ақпанда жанармай құю бекетінде жедел жәрдем көлігіне жанармай құйып жатқан кезде болған.
«Екінші көліктің жүргізушісі көлігін тұраққа дұрыс қоймай, жол бергісі келмеді. Ал жедел жәрдем бригадасы науқасқа асығып бара жатқан», — делінген тараған ақпаратта.
Көп ұзамай Ақмола облысының полициясы шабуыл жасаған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді.
“Ақмола облысының полиция департаменті Щучинскідегі жанар-жағармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салған ер адамды анықтады. Сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция.
Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған еді. Оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен.
Салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде мен беттің жұмсақ тіндеріне зақым келген. Жүргізушінің айтуынша, ер адамға жедел жәрдем көлігін тұраққа қойғаны ұнамай қалған.
Күдікті Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланып, ол 1 ақпанда Қарағандыдан 200 шақырым жердегі қыстауда ұсталды. Ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Previous Post

Футболшы матч кезінде найзағай түсіп көз жұмды

Next Post

Желіде тараған полицияның қатысы бар видеодан кейін қызметтік тергеу жүргізілетін болды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі