13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Екпенің маңызы!

20 апреля, 2024
in Uncategorized
0
Екпенің маңызы!
Share on FacebookShare on Twitter

Екпе- инфекциялардан қорғанудың және адам өмірін сақтаудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Екпе — бүкіл әлемде жасалатын ем-шара. Қазіргі уақытта дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамык, паротит, полиомиелит, тұмау және басқа да 20-дан астам аурудан қорғауга арналған екпелер бар. Екпе алған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына тосқауыл болып табылады. Бұл әсіресе, қазіргідей эпидемиологиялық жағдай күрделеніп тұрғанда маңызды. Ресми деректер бойынша бүгінде қызылшамен ауырғандар арасында оған қарсы екпе алмағандар басым. Мәселен кешегі күнгі дерек бойынша жалпы ауырғандардың 88,2%-ы екпе алмағандар. Әрі онын басым бөлігін, яғни, 84%-ы 14 жаска дейінгі балалар кұрап отыр.
Екпе түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Адам өмірін сақтайды және денсаулық пен ұзак өмір сүрудің кепілі болып табылады. Екпе оны алған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді. Қызылша — әлемдегі жұқпалы жоғары аурулардын бірі. Оның қауіптілігі — асқынуында. Аскынған жағдайда өлімге де әкелуі мүмкін. Әсіресе, екпе алмаған жас балаларға қауіп төндіреді. Профилактикалық егулерді жүргізу кезінде адам ағзасына ауру қоздырғыштарымен күресу үшін антиденелер түзілуїн ынталандыратын әлсіреген немесе өлтірілген патогендік агенттер енгізіледі.

Н.Нышанов

ТО СЭБД басшысы

Previous Post

ШЫМКЕНТ: "БӘЙДІБЕК БИ" ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

Қызылшаның алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі