13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қызылшаның алдын алу

21 апреля, 2024
in Денсаулық
0
Қызылшаның алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылшадан өлу жағдайлары, көбінесе осы аурудың асқыну салдарына байланысты. Көбінесе бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде асқынулар дамиды. Ең елеулі асқынуларға соқырлық, энцефалит (бас миының ісінуіне әкелетін, инфекция), ауыр қантышқақ және онымен байланысты сусыздану, құлақ инфекциялары және пневмония сияқты ауыр тыныс жолдарының жұқпалары жатады. Қызылша ауруың әсіресе ауыр өтуі кіші жастағы, салмағы төмен балаларда, әсіресе А дәрумені жетіспейтін немесе иммундық жүйе әлсіреген балаларда кездеседі. Әйелдер жүктілікте ауыр асқынулардың даму қаупіне ұшырайды және жүктілік өздігінен түсік түсіруге немесе ерте босануға әкелуі мүмкін. Қызылша ауруын бастан кешкен адамдар, өмірінің соңына дейін осы ауруға қарсы иммунитетті дамытады.

Балаларға қалыпты қызылшаға қарсы вакцинациясы — бұл қызылшадан өлімді азайтудың негізгі қоғамдық денсаулық сақтаудың стратегиясы. Қызылшаға қарсы вакцина 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылады. Ол қауіпсіз және бірдей тиімді, бір вакцина түрінде де, қызамық пен паротит ауруларына қарсы вакциналармен бірге де. Иммундық қорғанысты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялар күнтізбесіне сәйкес екі вакцина дозасы қажет — алғашқы егу 12-15 ай жасында, ал екіншісі — 6 жаста, бірақ қабылданбаған дозалар кез-келген жастағы, соның ішінде ересек адамға берілуі мүмкін.

Қызылшаның клиникалық көрінісі:

Бетінде басталатын макулопапулы бөртпе;
Температура 39 ° C-тан жоғары;
Конъюнктивит;
Жөтел және мұрын бітелуі;
Бельский-Филатов-Копликтің дақтары (аузында ақ дақтар).
Сондай-ақ, қызылшаның өзгеше нысандары бөлінеді:

инкубациялық кезеңде иммуноглобулинді профилактикаға алған науқастарға митигирленген немесе қызылшаның әлсіреген түрі тән. Қызылшаның митигирленген белгілері анық көрінбейді немесе жойылады. Дене температурасы қалыпты нормада қалуы немесе субфебрильді көрсеткіштерге дейін жетуі мүмкін, бөртпе шығу кезеңі қысқарады, экзантема бозғылт, үлкен емес, шырышты қабаттарда зақым жоқ. Ауру тез өтеді, қиындықсыз.
Қызылшаның жетілмеген нысаны қызылша инфекциясымен бірдей басталады, бірақ 2-3 күні аурудың клиникалық белгілері жоғалады. Температура бірінші күні байқалады, содан кейін температура қалыпты жағдайға қайта оралады. Бөртпе көбінесе бетте және теріде болады.
Қызылшаға қарсы вакцинацияланған науқастарға тән өшірілген нысаны. Қызылша симптомдары анықталмаған, аурудың өтуі тез, қиындықсыз, науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Симптомсыз нысаны иммуноглобулиндер үшін қанның зертханалық талдауымен анықталған клиникалық симптомдардың жоқтығымен сипатталады.
Аггравациялық симптомы бар нысаны сирек кездеседі. Дененің ауыр уыттылығы, геморрагиялық синдроммен, ересектерге тән.
Қызылша ауруының тез таралуын алдын алу үшін әр елді мекенде және ұйымдасқан қауымдастықта (БМДМ, мектепте) кем дегенде 95%-дан кем емес қызылшаға қарсы екі екпемен вакцинацияны қамтуды қамтамасыз ету қажет.

Н. Нышанов

ТО СЭБД басшысы

Previous Post

Екпенің маңызы!

Next Post

Кенеден қорғану жолы!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі