13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыдағы лай көшкіні: Құтқарушылар барлық төрт адамның мәйітін тапты

8 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Алматыдағы лай көшкіні: Құтқарушылар барлық төрт адамның мәйітін тапты
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті селден кейін үйінді астынан төрт адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.

Құтқарушылардың мәліметіне сәйкес, оқиға орнында үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
“Жұмыстар өткір заттар, әйнек, арматура және т.б. заттар араласқан саз балшық массасының үлкен көлемімен, сондай-ақ үйге кіру жолының тар болуымен, техниканы барынша пайдалану мүмкін еместігімен қиындай түсті. Құтқарушылар жұмысты негізінен қолмен жүргізуде”, – делінген ақпаратта.
Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып, алып шықты.
“ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетуде”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Еске салайық, Алматыдағы Медеу ауданында 8 ақпанға қараған түні сел жүріп, екі үй зақымдалған еді. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйде болған 4 адамды іздестірген.
ТЖД құбырдың жарылуы селдің алдын ала себебі болуы мүмкін екенін айтқан.
«Сел көшкініне суық су құбырының бұзылып, топырақтың батпақтануы себеп болды. Көшкіннің көлемі – 3200 текше метр. «Қазселденқорғау» ММ күштері мен құралдары, 109 құтқару қызметі, республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды», – делінген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Previous Post

Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

Next Post

Алматы әкімдігі лай көшкіні салдарынан қаза тапқан отбасының артында қалған ұлына оқу ақысын төлеп бермек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі