Парламент сенатының депутаттары Ақмарал Әлназарованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуға қатысты дауыс берді.
Пленарлық отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерінің бірі сенатор Ақмарал Әлназарованың басқа қызметке ауысуына байланысты сенатор өкілетін тоқтату болды.
“Президент жарлығымен 6 ақпаннан бастап Ақмарал әлназарова денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Осыған байланысты орталық сайлау комиссиясы Конституцияның “Парламент пен депутаттардың дәрежесі” туралы бабына сәйкес Ақмарал Әлназарованың сенат депутаты ретінде өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді”, – деді орталық сайлау