Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген.
Болған жағдайға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді.
“Жағдай әлі толық зерттелген жоқ және әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ. Болжам жасап, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Егер іздеудегі күдіктіні көрсеңіз дереу тиісті органдарға хабарласыңыз”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылғаны туралы жазған едік. Кей деректерге сүйенсек, оларды өз анасы жастықпен тұншықтырып өлтірген. Қайғылы жағдайға байлысты Түркістан облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады.