Қазақстанның 12 облысында республикалық автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.
Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” компаниясы мәлімдеді.
“7 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді”, – делінген хабарламада.
Ақмола облысында – 12 учаске
Ақтөбе облысында – 13 учаске
Атырау облысында – 2 учаске
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске
Қарағанды облысында – 11 учаске
Қостанай облысында – 8 учаске
Қызылорда облысында – 1 учаске
Павлодар облысында – 3 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
Ұлытау облысында – 3 учаскеде жол жабылған.
ҚазАвтоЖол мамандары жүргізушілерді алыс сапарлардан бас тартып, аса қажеттілік болмаса елді мекен аумағынан шықпауға шақырды.