Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті; Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы «Құқықтану»; Азаматтық авиация академиясы, мамандығы «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану». 2006-2022 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет. 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған. Бұған дейін бұл міндетті Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов атқарып келген болатын.