Қайғылы оқиға 6 ақпанда “Низамхан” атындағы жекеменшік мектепте болды.
8-сыныпта оқитын қыз бірінші сабақта өзін нашар сезінген.
Директордың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген. Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы қыз бір уыс таблетка ішіп, жансақтау бөліміне түскен. Түскі ас кезінде оның көз жұмғаны белгілі болды.
«Оқушы ауырып қалды. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанын білмедік. Сосын оның 40 шақты жүрекке арналған таблетка ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қыз сыныптастарымен жақсы араласты, ешкімге реніші болмады. Сынып түгел дерлік 79 мектептен ауысып келген. Мектепте бұзақылық туралы сөз балмады», — деді «Низамхан» жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.
Директордың айтуынша, бұл қыздың бірінші рет өз-өзіне қол жұмсау әрекеті емес. Қараша айынан бері психологтар оқушы қызбен жұмыс істеп келген.