13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Депутаттар оқушыларға сабақ барысында телефон қолдануға тыйым салатын заңды мемлекет басшысына жолдады

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Депутаттар оқушыларға сабақ барысында телефон қолдануға тыйым салатын заңды мемлекет басшысына жолдады
Share on FacebookShare on Twitter

Балалар телефонды мектепке алып келе алады, алайда сабақ кезінде қолдануға рұқсат жоқ.
Аталмыш заң жетім балаларға тәлімгерлік институтын енгізуді, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және білім беру ұйымдарының басқару еркіндігін кеңейтуді көздейді.
Заңда орта білім беру ұйымдарында смартфондарды пайдалану ережелерін бекіту қарастырылған. Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл ереже тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты екенін және бала ұялы телефонды мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алатынын түсіндірген еді.
Сонымен қатар, білім саласына қатысты заңда бірінші сыныпқа тестілеусіз қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезектілікті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған.
Құжатқа сәйкес 30 жылдан астам уақыт пайдалануға берілген мектептер, балабақшалар мен колледждер ғимараттарының қауіптілігін анықтау үшін олар әр бес жыл сайын тексеруден өтеді.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында терезе саңылауларын қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету туралы заңнамалық талаптар белгіленген. Жаңа заңнамалық талап енгізілуде, оған сәйкес мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салуды есепке алмай көпқабатты тұрғын үйлер салуға тыйым салынады.
Жаңа ықшам аудандарында көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде, құрылыс жобалау құжаттарында әлеуметтік маңызы бар — білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің міндетті түрде болуын ескеру туралы нормалар енгізілген. Яғни, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін орналастыру есепке алынбаса, онда бұл аумақта көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға тыйым салынады.
Мұнымен қоса, арнайы білім беру ұйымдарындағы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз бетінше өмір сүруге дайындалуына жеке қолдау мен көмектесуге бағытталған тәлімгерлік қызметін енгізу қаралып отыр. Аталған норманы қабылдау — балаларды толыққанды әлеуметтендіруге, психологиялық қолдауға және әлеуметтік қорғауға ықпал етеді.
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберді.
Бұған дейін депутаттар сабақ үстінде оқушылардың телефон ұстауын шектейтін заңды қабылдаған еді.

Previous Post

Ұлттық қордан балаларға төлем түспеген жағдайда не істеу керек

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАСЫМЕН 65 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі