13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық қордан балаларға төлем түспеген жағдайда не істеу керек

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Ұлттық қордан балаларға төлем түспеген жағдайда не істеу керек
Share on FacebookShare on Twitter

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры бала дерекқорда болмаса

және оның есепшотына ұлттық қордан алғашқы төлем түспесе, не істеу керек екенін айтты
БЖЗҚ жыл сайын «жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының ресми деректері негізінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысатын балалардың тізімін жасайды. Бұл дерекқорға енген балаға автоматты түрде төлем түседі.
Бағдарламаға қатысуға құқығы бар бала «жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына кірмей қалса, келесі жылы оған былтырғы төлем қосып түседі.
Бұл жағдайда балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мыналарды тексеру ұсынылады:
Баланың жеке басын куәландыратын құжаты (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап жеке куәлігінің) болуы;
Жеке басын куәландыратын құжатта мәліметтердің дұрыстығы: Аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы;
egov.kz порталындағы жеке кабинетіңіздегі балалар туралы ақпараттың болуы.

Егер баланың жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН-і болмаса, Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚО) хабарласу қажет. Азаматтығы жоқ болса, белгіленбесе немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша көші-қон қызметіне хабарласу қажет.
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісі өткізіп алған кезеңі ескеріле отырып, келесі жылы толығымен есептеледі», – делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Бұған дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қаржы 1 ақпаннан кешікпей аударылатыны айтылды.

Previous Post

Ұлттық қордан балалардың шотына неге уәде етілген ақшадан 60 доллар аз түсті – Вице-министр жауабы

Next Post

Депутаттар оқушыларға сабақ барысында телефон қолдануға тыйым салатын заңды мемлекет басшысына жолдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі